Қазақстан Республикасының Президентін, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Құрылтайының және мәслихаттарының депутаттарын, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/192 Қаулысы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2021.22.06. № 4/408 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.27.12. № 132/627 Қаулысымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2021.22.06. № 4/408 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2022.27.12. № 132/627 Қаулысымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің нысандары бекітілсін:
1) осы қаулыға 1-қосышаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары;
3) ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы қаулыға 4-қосышаға сәйкес Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттары;