«Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 482/НҚ бұйрығы

Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 482/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.