«Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына және «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 245 бұйрығы

 «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына және «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 245 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Инватакси қызметі «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 бұйрығына сәйкес медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға көрсетіледі.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Тізбені кеңейтуге, мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерге көзделген сағат және (немесе) рейс санын ұлғайтуға жол беріледі.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адамды немесе мүгедектігі бар баланы сапарда бір адам еріп жүреді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.