(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»...

Предыдущая страница

63. Кезең шығыстары жүргізілген есепті кезеңде есептен шығарылады (есептен шығару құқығы меншік құқығы берілумен бірге басталатын дайын өнімді қоспағанда).

ҚР Қаржы министрінің 2021.22.10. № 1092 бұйрығымен 64-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

64. Шығыстар, егер активтің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттеменің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың азаюы орын алса, пайда мен шығындар туралы есепте танылады.

Шығыстар, егер шығындар болашақ экономикалық пайда әкелмесе, сол күні пайда мен шығындар туралы есепте танылады.

65. Шығыс сондай-ақ өнімге кепілдік жөнінде міндеттемелер туындаған жағдайдағыдай активті танымай міндеттеме туындағанда пайда мен шығындар туралы есептен танылады.

66. Өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шығыстар өзіне қорлар шығындарын қосады. Қорларды сату кезінде, берілген қорлардың баланстық құны шығын ретінде өдірілген өнім, жұмыс, қызметтер жасалған үшін табыс танылған мерзімде танылады.

67. Қызметкерлер сыйақысы бойынша шығыстар қызметкерлердің еңбек ақысын, төленетін демалыстар, сыйақылар, қызметкерлерге төлемақылар мен басқа да төлемдерді қосады. Еңбекті төлеу бойынша есептілік ведомосі 2-қосымшаға сәйкес жасалады.

68. Қаржыландыру бойынша шығындар сыйақылар бойынша шығындар мен қаржылық лизинг бойынша пайыздарды төлеу шығындарын қосады. Қаржыландыру бойынша шығындар субъект қарыздар қалай пайдаланылатындығына қарамастан, олар тартылған кезеңнің шығыстары ретінде таниды.

69. Басқа шығыстарға, әдеттегі қызметке қарамастан туындайтын басқа шығыстар жатады. Оларға мыналар:

негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің шығарылуы бойынша шығыстар;

бағамдық айырма бойынша шығыстар;

үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар;

жалдау бойынша шығыстар және басқалар жатады.

70. Корпоративтік табыс салығы және бойынша жеке кәсіпкердің табыс салығы бойынша шығындар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының шарттары негізінде есептеледі.

 

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.22.10. № 1092 бұйрығымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-тарау. Қаржылық есептілікті жасау

 

Параграф 1. Қаржылық есептілік

 

71. Субъектінің қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:

бухгалтерлік баланс;

пайда мен шығындар туралы есеп.

72. Субъект мүдделі адамдарға берілетін ақпараттың сапасын жақсартуға қабілетті дербес әзірлеген қаржылық есептілік нысандарын да ұсынады.

73. Қаржылық есептілікте есепті және есептіден алдыңғы кезеңдер үшін тиісті деректер көрсетіледі.

ҚР Қаржы министрінің 2021.22.10. № 1092 бұйрығымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

74. Алдыңғы кезеңге қатысты салыстырмалы ақпарат қаржылық есептіліктегі барлық сандық ақпарат үшін ашылады.

75. Қаржылық есептілік пайдаланушыларға жылына кем дегенде бір рет беріледі.

76. Субъектінің басшысы немесе оған уәкілеттік берілген лауазымды адамы Бухгалтерлік есеп туралы заңға сәйкес қаржылық есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

77. Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер, міндеттемелер мен капитал бухгалтерлік баланста көрсетіледі.

78. Табыстар мен шығындар туралы есеп осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

79. Қорытынды пайда (қорытынды шығын) салық салғанға дейінгі кірістер мен шығыстар және Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен тиісті есепті кезеңге анықталатын ставка бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы немесе жеке кәсіпкердің жеке табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

80. Егер есепті кезеңде өткен кезеңдер үшін қателер анықталса, онда мұндай қателерді түзету есепті кезеңдегі пайданы немесе шығынды анықтау кезінде енгізіледі.

 

 

Параграф 2. Қаржылық есептілік элементтері

 

81. Активтер, мiндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалауға байланысты қаржылық есептiлiк элементтерi болып табылады.

82. Мысалы, актив:

субъект сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру кезінде жеке немесе өзге активтермен бірге пайдаланылғанда;

өзге активтерге ауыстырылғанда;

міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылғанда; немесе

субъектінің меншік иелері арасында бөлінгенде, активке байланысты болашақтағы экономикалық пайдалар субъектіге түседі.

83. Міндеттемені реттеу екінші тараптың талаптарын қанағаттандыру үшін субъектінің экономикалық пайдаларды қамтыған ресурстарды беруін білдіреді және бірнеше тәсілдермен жүзеге асырылады, мысалы:

ақша қаражатын төлеу;

өзге активтерді беру;

қызметтер көрсету;

бір міндеттемені екіншісіне ауыстыру; немесе

міндеттемені капиталға ауыстыру.

Міндеттеме кредитордың өз құқықтарынан бас тартуы немесе кредитордың оларды жоғалтуы сияқты басқа да құралдармен өтеледі.

84. Егер осы Стандартта активті немесе міндеттемені есепке алу әдісі жасылмаған жағдайда, осы актив немесе міндеттеме мөлшері сенімді өлшенген экономикалық пайданың кіріс немесе шығыс құны бойынша есептеледі. Активті қайта сыныптау кезінде, мысалы, негізгі құралдар құрамынан қосалқыға, бастапқы құн баланстық құн болып табылады.

85. Пайдалар мен шығындар туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiне тiкелей байланысты элементтер кiрiстер мен шығыстар болып табылады.

 

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.22.10. № 1092 бұйрығымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-тарау. Өтпелі ережелер

 

86. Осы Стандартқа сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауға көшу кезінде, субъект бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудан босатылған кезде, көшу күніндегі бастапқы теңгерім жасалады.

87. Көшу күніндегі бастапқы теңгерімде:

активтер мен міндеттемелердің сомасы бастапқы құжаттармен расталады;

ақшалай қаражат сомасы банктердегі шоттарда ақшалай қаражат туралы үзінді-көшірмелер мен субъектінің кассасындағы қолма-қол ақша қаражатын түгендеу тізімдемесімен расталады;

дебиторлық және кредиторлық берешектер сомасы контрагенттермен (сатып алушылармен, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен) салыстыру актілерімен расталады;

қорлардың сомасы көшу күніндегі түгендеу тізімдемесімен расталады, онда қорлардың теңгерімдік құны оларды сатып алған құны болады;

негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің сомасы көшу күніндегі түгендеу тізімдемесімен расталады, онда негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің теңгерімдік құны, Стандарт талаптарына сәйкес негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің сатып алынған күнінен бастап көшкен күніне дейінгі есептелген амортизацияны шегергендегі олардың бастапқы құны болады.

88. Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудан босату кезінде субъектінің бастапқы есеп құжаттарын жасау және сақтау бойынша міндеттемелері сақталады.

 

Ұлттық қаржылық

есептілік стандартына

1-қосымша

 

 

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебінің тізімдемесі

_____ жылғы ______________ мерзіміне

 

 

 

Ұлттық қаржылық

есептілік стандартына

2-қосымша

 

 

20_____жылғы ____________ үшін
Еңбекақы төлеуді есепке алу ведомості

 

Субъектінің атауы

 

 

 

Ұлттық қаржылық

есептілік стандартына

3-қосымша

 

 

Атауы_______________________________________________________________________________________________

Қызметінің түрі_______________________________________________________________________________________

Қызметкерлердің орташа жылдық саны ______________________________________________________________ адам

Заңды мекен-жайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________

 

 

____ жылғы «__» __________ жағдай бойынша
Бухгалтерлік баланс

 

мың теңге

 

 

Ұлттық қаржылық

есептілік стандартына

4-қосымша

 

 

Атауы__________________________________________________________________________________________________

Қызметінің түрі__________________________________________________________________________________________

Қызметкерлердің орташа жылдық саны __________________________________________________________________ адам

Заңды мекен-жайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

 

____ жылғы» «__» __________ жағдай бойынша
Пайда мен зияндар туралы есеп

 

мың теңге