«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 152-н/қ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 152-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған Тізбесі 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 2-тармағының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 3-тармақтың екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

 

Е. Аккенженов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Көлік министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Су ресурстары және

ирригация министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.