«Алматы қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешiмi

Алматы қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешiмi

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

М.Отыншиев

 

Алматы қаласы мәслихатының

2024 жылғы 29 наурыздағы

№ 100 шешіміне

1-қосымша

 

 

Алматы қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің

мөлшері мен тәртібі

 

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.