Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 399 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 147 бірлескен бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 297 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 24 маусымдағы № 36 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берілген:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті:
1)осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2)осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2023 жылғы 9 тамыздағы № 399 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің