«Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» (индексі 2-Т (еңбек нарығы), кезеңділігі тоқсандық)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 303 бұйрығы (2026.10.07. берілген өзгерістермен)

 «Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» (индексі 2-Т (еңбек нарығы), кезеңділігі тоқсандық)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 303 бұйрығы

(2026.10.07. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» (индексі 2-Т (еңбек нарығы), кезеңділігі тоқсандық) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.