«Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1031 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 1096 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1031 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарында: