(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕДЕНДІК ТРАНЗИТТІҢ КЕДЕНДІК РӘСІМІМЕН ОРНАЛАСТЫРЫЛ...

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 370 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағыҚазақстан Республикасы Кодексінің 430-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.