«Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 10 тамыздағы № 312 бұйрығы (күші жойылды)

«Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 10 тамыздағы № 312 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 345-н/қ бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10752 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларында:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Энергия өндіруші ұйымдар тобы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен мынадай өлшемдер бойынша қалыптасады: энергия өндіруші ұйымдардың түрі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның орналасқан жерінен қашықтығы.

Энергия өндіруші ұйымдар «энергия өндіруші ұйымдардың түрі» өлшемі бойынша электр станцияларының мынадай түрлеріне бөлінеді:

1) конденсаттық - тек қана электр энергиясын өндіретін электр станциясы;

2) жылу электр орталығы - электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріндегі жылу энергиясының көзі болып табылатын жылу электр станциясы;

3) газ-турбиналық - газ тектес отын түрін энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;

4) су электр станциясы - су ағыны энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.