Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы
Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8950) Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту:
«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары;
Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;