ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №21, 115-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1, 2 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 9 543 305 694 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 4 787 775 502 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 102 758 432 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 1 398 507 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 4 651 373 253 мың теңге;
2) шығындар - 10 740 128 973 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 191 542 795 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 273 866 697 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 82 323 902 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 159 496 347 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 162 396 347 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 900 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - — 1 547 862 421 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 3,1 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 547 862 421 мың теңге.
2-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 37 950 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 612 870 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»;
«6-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 1 534 565 234 мың теңге сомасында көзделсін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2017 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 14 466 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшері - 31 245 теңге болып белгіленсін.»;
3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат олардың мөлшерін:
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тоғыз пайызға;
2017 жылғы 1 шілдеден бастап он бір пайызға көтеру ескеріле отырып көзделді деп белгіленсін.»;
4) 11-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) тармақшалармен және 20) тармақшадағы «қаржыландыруға 2017 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.» деген сөздер «қаржыландыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, 21) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ішкі істер органдарының бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға;
2-2) ішкі істер органдарының әкімшілік полиция қызметкерлерін оқытуға;
2-3) ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға;»;
«21) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға 2017 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
5) мынадай мазмұндағы 12-1 және 14-1-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің шығыстары шеңберінде салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру үшін 8 000 000 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделсін.»;
«14-1-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
6) 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылға арналған резервi 137 105 624 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
16-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 1 154 797 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 8 710 511 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.»;
7) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 43 738 098 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.»;
8) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. 2017 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 11 200 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»;
9) көрсетілген Заңға 1, 4 және 5-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы ақпанның 20-ы
№ 46-VI ҚРЗ
«2017 - 2019 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2017 жылғы 20 ақпандағы
Қазақстан Республикасының № 46-VI ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
«2017 - 2019 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2016 жылғы 29 қарашадағы
Қазақстан Республикасының № 25-VI Заңына
1-ҚОСЫМША
2017 жылға арналған республикалық бюджет