«Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 237 бұйрығы

«Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 237 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15651 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі анықтамалар:

1) авиациялық бөлім - мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру мен орындауды, оларды пайдалануды және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме;

2) авиациялық оқиға - әуе кемесінің бортындағы адамдардың қаза табуына (өлімге әкелген дене жарақатына) және/немесе осы әуе кемесінің жойылып кетуіне әкелген әуе кемесін ұшуда пайдалануға байланысты авиациялық жағдай;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.