Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 95 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығыменж ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 689 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) төмендегі толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы реттік сандары 17., 17.1., 17.2., 17.3., 17.4., 17.5., 17.6. және 17.7. жолдарымен толықтырылсын:
«