Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 63 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының м.а. 2026.26.06. № 15 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.