Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығы
(2026.12.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 194 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025.29.08. № 261 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма төртінші абзацы мен 166-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025.29.08. № 261 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалған шарттың нысаны бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.