Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы «Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» № 73/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 184/25 шешімі
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 73/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25622 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Екібастұз қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Екібастұз қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |
Екібастұз қалалық мәслихатының
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 184/25 шешіміне қосымша
Екібастұз қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
11 қарашадағы № 73/11
шешіміне қосымшасы
Екібастұз қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу
тәртібі мен мөлшері