Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Математика» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Информатика» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Қазақ тілі» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Орыс тілі» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Орыс әдебиеті» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес педагогикалық бағыттың «Шетел тілі» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы;