«Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 276 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 428-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.