«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 671 бұйрығы (күші жойылды)

«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 671 бұйрығы

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен 2018 ж. 29 маусымнан бастап күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 109) тармақшасына, 19-бабының 16) тармақшасына және «Мемлекеттiк статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.