«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 5-НҚ нормативтік қаулысы

 «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 5-НҚ нормативтік қаулысы

 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік аудит жүргізілетін саладағы теориялық және тәжірибелік дағдыларын меңгерген арнайы білімі, тәжірибесі талап ететін жұмыстарды орындау, сондай-ақ сапалы мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын қамтамасыз ету және мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелерін тәуелсіз сараптаманың қорытындыларымен (бұдан әрі – Қорытынды) растау қажет болатын жағдайларда, мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге сарапшылар тартылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тиісті шарттар жасай отырып, Сарапшылардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу рәсімдерді жүргізу мерзімдері мен осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты ескеріле отырып, азаматтық заңнаманың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.