Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпараттардың нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 390 бұйрығы
(2026.19.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2025.30.12. № 826 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2025.30.12. № 826 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпараттың нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпараттың нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну туралы сұрау салудың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынған ақпараттарды ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10708 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 мамырда жарияланған);