(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНАН ...

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 237 бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 348-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.