«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 138 Қаулысы (күші жойылды)

 «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 138 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 102 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 52 (28530) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес репо, кері репо операциялары туралы есептің нысаны;»;

мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:

«11-2) осы қаулыға 11-2-қосымшаға сәйкес ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептің нысаны;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11) және 11-2) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.