«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына 3-қосымша) қағидалары (2026.15.06. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 69 бұйрығына 3-қосымша

 

 

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде

атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

қағидалары
(2026.15.06. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР Әділет министрінің 2026.30.05. № 509 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

ҚР Әділет министрінің 2024.06.12. № 1007 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2026.30.05. № 509 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Бірыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.