«Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың цифрлық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған, сондай-ақ цифрлық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 37 Қаулысы (2026.16.11. берілген өзгерістермен)

Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың цифрлық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған, сондай-ақ цифрлық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 37 Қаулысы

(2026.16.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 154 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 154 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың цифрлық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған, сондай-ақ цифрлық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары және мерзімдері бекітілсін.

2. Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.