«Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 231 бұйрығы

 «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 231 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6690 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарында:

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) мүше болып табылатын шетел мемлекеттері берген авиациялық персонал куәліктерінің мынадай түрлері уәкілетті ұйыммен расталады:

1) PPL жеке пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің);

2) CPL коммерциялық авиациясы пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);

3) MPL көпмүшелі экипаж (ұшақ) пилоттың куәлігі;

4) ATPL желілік пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің);

5) FBPL еркін аэростат пилоттың куәлігі;

6) GPL планер пилоттың куәлігі;

7) FNL штурманының куәлігі;

8) FEL бортинженер (бортмеханик) куәлігі;

9) FROL бортрадист куәлігі;

10) RPL сыртқы пилоттың куәлігі (ұшақтың, дирижабльдің, планердің, бұранда қанаттың, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің немесе еркін аэростаттың);

11) AML әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі;

12) FDL ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігі;

13) ATCL әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің куәлігі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.