«Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 231 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6690 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарында:
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) мүше болып табылатын шетел мемлекеттері берген авиациялық персонал куәліктерінің мынадай түрлері уәкілетті ұйыммен расталады:
1) PPL жеке пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің);
2) CPL коммерциялық авиациясы пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);
3) MPL көпмүшелі экипаж (ұшақ) пилоттың куәлігі;
4) ATPL желілік пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің);
5) FBPL еркін аэростат пилоттың куәлігі;
6) GPL планер пилоттың куәлігі;
7) FNL штурманының куәлігі;
8) FEL бортинженер (бортмеханик) куәлігі;
9) FROL бортрадист куәлігі;
10) RPL сыртқы пилоттың куәлігі (ұшақтың, дирижабльдің, планердің, бұранда қанаттың, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің немесе еркін аэростаттың);
11) AML әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі;
12) FDL ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігі;
13) ATCL әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің куәлігі.