«Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын және Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 41 бұйрығы (күші жойылды)

Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын және Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 41 бұйрығы

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2025 жылғы 11 шілдедегі № 160 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына және 151-бабының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдері бекітілісін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 13 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.