Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 18-5/520 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 145 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 5 маусымдағы

№ 18-5/520 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Инспекция) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқарушылық және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Инспекция Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының, «Көкшетау» және «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, «Астана орманы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне және Шығыс мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалының қорғалуына және Ақмола облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі барлық балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға уәкілетті.

2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.