«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 44 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 44 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және айналымы платформасы қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаның нысаны;»

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жекелеген қызмет түрлері - ойын бизнесін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген радиоәуесқойлық қызметке арналған радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды бастауы немесе тоқтатуы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.