«Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 98 бұйрығы

«Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 98 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18558 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесінде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Порттар саласында:

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қоспағанда, кейіннен порттан шығып танкерге/танкерден құбырлар арқылы оларды ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) көрсетілетін қызметтер».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.