Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығы
(2016.28.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.