«Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 166 бұйрығы

Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 166 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 174-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың мынадай нысандары:

1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Мыналардың:

«Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11863 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

«Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 522 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14695 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.