«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 257 бұйрығы

«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 257 бұйрығы

 

«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына келесі мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Балаева

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық

даму министрінің

2020 жылғы 24 шілдедегі

№ 257 бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушының

2014 жылғы 30 қазандағы

№ 110 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі

комиссия туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.