««Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 92 бұйрығы (2020.30.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 92 бұйрығы

(2020.30.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.30.09. № 385 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.30.09. № 385 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.30.09. № 385 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.