«Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 171 Қаулысы

 «Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 171 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 683-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім немесе үкiм шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiледі. Бұл ретте:

1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі қылмыстық құқық бұзушылық құралдары және (немесе) заттары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабының негізінде тәркілеуге жатады;

2) өз мүлкінің құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланылғанын білмеген не білуге тиіс болмаған адамға заңды негіздерде тиесілі қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы және (немесе) заты осы адамға кері қайтарылуға жатады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.