«Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 30 шілдедегі № ҚР ДСМ-71 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21770 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тіндер банкі - медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде кейіннен трансплантаттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) алуды, дайындауды, консервациялауды, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік медициналық ұйым, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдар, сондай-ақ «Назарбаев Университеті» медициналық ұйымы.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: