«Көлік құралдарының кепілін, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 833 бұйрығы

Көлік құралдарының кепілін, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 833 бұйрығы

 

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарының кепілін, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын тіркеу және тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

 

Е. Саденов

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және цифрлық

даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

2026 жылғы 3 қарашадағы

№ 833 бұйрығына

қосымша

 

 

Көлік құралдарының кепілін, тіркелген кепілдің

өзгерістерін, толықтыруларын тіркеу және тоқтату

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.