«Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 159 бұйрығы

 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 159 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентінде:

2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті өзін-өзі басқару органы;

3) жергілікті маңызы бар мәселелер - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының тыныс-тіршілігін тікелей қамтамасыз ету мәселелері, оларды шешуді әкім және (немесе) жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:

«3-4. Жергілікті қоғамдастық жиналысын ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті қоғамдастық жиыны Заңға сәйкес қабылдайды.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

бағдарламалық құжаттардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер жоспарларының жобаларын талқылау және қарау;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.