«Өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 15-02/607 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 533 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 15-02/607 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 533 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2001 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 1-тармағы, 2) тармақшасына және 15-бабы 1-тармағына және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

 

Е. Досаев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.