ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының екінші және үшінші, 2-тармағының екінші және үшінші, 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтарын, 2-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және қырық алтыншы абзацтарын, 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының он жетінші, отыз төртінші абзацтары және 2-тармағының жиырма алтыншы абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсыну;»;