«Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 337 бұйрығы

 «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 337 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген);

2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 762 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесі 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31542 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.