2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет ақшаларын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шот;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет ақшасын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкілді органын қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемеге екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шот.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 89-1-баппен толықтырылды
89-1-бап. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттары
1. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың мынадай шоттары болуы мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын есепке жатқызу және қарыз алушының жұмсауы үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоты;
2) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес, қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу жөніндегі операцияларды жүргізуі үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы қызмет көрсету шоты.
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
90-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы
1. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.
2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы:
1) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазуды;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді;
3) бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу
1. Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына және сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасында түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарына шетел валютасында есепке жазған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 92-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 92-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында бөлу кестесінің, кірістерді облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлу нормативтерінің, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдары тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 93-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген тәртіппен:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжам және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген оның көлемі шеңберінде кепілдік берілген трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті аудару туралы тиісті өтінімді жібереді.
Есепті қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт толық пайдаланылмаған жағдайда, кезекті қаржы жылындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт сомасы кезекті қаржы жылының кепілдендірілген трансфертінің бір бөлігі ретінде пайдаланылатын, есепті қаржы жылындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасына азайтылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 94-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтару не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады.
Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға қорытынды жасайды және оны мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады.
Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Республикалық бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
Қорытындылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтару және (немесе) есепке жатқызу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 94-1-баппен толықтырылды
94-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару
1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігін күтілетін кірістер түсімі жоспарланған түсімдерден асып түскен жағдайда бір жыл ішінде қайтаруды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
1. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.
1-1. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.
3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.
96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасумен және оларсыз шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Мемлекеттік мекеме міндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сақтамағаны үшін жауапты болады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты грант туралы халықаралық шарт шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер:
қарыз немесе байланысты грант қаражаты есебінен - қарыз немесе байланысты грант қаражатының қолжетімділік мерзімінен аспайтын мерзімге;
республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен - қарыз қаражатының қолжетімділік мерзімі аяқталатын қаржы жылының соңына дейінгі мерзімге жасасады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдарының базалық шығыстары шегінде олардың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде:
1) іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына;
2) технологиялық дайындау мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) беруді негіздейтін активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға, бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, жұмыстарды ұсынуға;
4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
245-бапқа сәйкес 96-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
5) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен бір қаржы жылынан астам іске асырылу мерзімінде іс-шаралар өткізуге байланысты тіркелуге жатады.
Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркелуге жатады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі.
Мерзімі үш жылдан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, тіркеу күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүргізіледі.
7. Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттарды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін тіркеуге жол берілмейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
97-бап. Төлемдерді және ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер бойынша төлемдерi төлеуге берiлетiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражат көзделген мемлекеттiк мекеменiң төлеуге берiлетiн шоты және квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң төлем тапсырмасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi үшiн ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға негiз болып табылатын құжаттарды бiлдiредi.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді