3. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомалары және шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік субсидияларды аударуы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға жүзеге асырылады.
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның жергілікті бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің қаражатты аударуы дирекция ұсынған қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалған шарттар бойынша қаражатты аударуға арналған өтінімдер негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына аударуы қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерi мен ақша аударымдары квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы және қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы қалдықтар шегiнде жүргiзiледi.
Ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы, есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтар:
қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіп және (немесе) жаңасын әзірлей отырып, жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға бағыттау;
егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, үнемделген қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшының) шешімі бойынша жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізбестен, даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) қолдану арқылы пайдаланылуы мүмкін.
Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдаған шешім бойынша бюджетке қайтарылуы мүмкін.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі алдыңғы бюджеттік инвестициялар қорытындысы бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу қаражатын пайдаланбаған және (немесе) үнемдеу қаражаты бюджетке қайтарылмаған жағдайда, жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу сомалары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат тиісті бюджет кірісіне аударуға жатады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазынашылық қолдап отыру шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бас мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары бас мердігер бекіткен тізбе бойынша қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарына жүзеге асырылады.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдары мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
4. Жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілесіз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге жол берілмейді.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi:
төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;
тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелерге;
бірыңғай бюджеттік сыныптамаға;
нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына төлеуге берiлетiн шоттардың сәйкестiгiн тексеруге саятын төлемдердi төлеу кезiндегi ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
Аванстық төлем сомасын қоспағанда, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғын тексереді.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде құрылысқа арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғын қосымша тексереді.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғына;
2) бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган куәлігінің не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімінің бар-жоғына;
3) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестiгіне төлем тапсырмаларын тексеруден тұрады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қазынашылық қолдап отыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: төлем сертификатының және электрондық шот-фактураның бар-жоғына;
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруден тұрады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының төлемдерін жүргізу кезінде, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотын ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілетін шоттарды:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды беру туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғын;
2) Қазақстан Республикасы банк заңнамасының нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығына қойылатын талаптарына сәйкестігін тексеруді білдіреді.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
5-4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: электрондық шот-фактураның және орындалған жұмыстардың құны туралы анықтаманың бар-жоғын;
2) Қазақстан Республикасы банк заңнамасының нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығына қойылатын талаптарына сәйкестігін тексеруді білдіреді.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Мемлекеттік мекеме:
төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін;
төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын;
ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы баптың 5-тармағында көрсетілген, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды табыс етуін қамтамасыз етеді.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ өзгертілді
6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салуға байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер мен қосалқы мердігер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар және қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторы:
1) төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігін;
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
3) ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
4) жасалған операциялардың дұрыстығын;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың табыс етілуін қамтамасыз етеді және олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды
6-2. Қазынашылық қолдап отыру шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыратын бас мердігерлер және қосалқы мердігерлер осы баптың 5-2-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-3. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу және оларды пайдалану кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын пайдалануға жауапты тиісті атқарушы органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
6-4. Осы баптың 5-4-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың анықтығы мен негізділігі үшін білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
7. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) беру арқылы өтелуге не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98-бап. Инкассолық өкім
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Инкассолық өкім атқарушылық құжатты, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда пайда болған берешекті өтеуге байланысты құжатты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім атқарушылық құжат негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Инкассолық өкім ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызмет көрсетілу орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім атқарушылық құжаттың жеке сот орындаушысының не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының мөрімен куәландырылған көшірмелері қоса тіркеліп беріледі.
Инкассолық өкімде көрсетілген сома «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.
Инкассолық өкімде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтары көрсетіледі, олар бойынша осы өкімнің орындалуы талап етіледі.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотына шығаруға жол берілмейді.
Инвестициялық жоба бойынша инкассолық өкімді орындау жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда өзі бұл инкассолық өкім осы инвестициялық жобаны қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ұсынылады.
Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодына, ақылы қызметтер көрсету, қайырымдылық көмек шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Инкассолық өкімдерді орындау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, айырбасталатын күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік мекеме валюталардың түрлері бойынша айырбасталған шетел валютасын шетел валютасымен шотқа есепке жазылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттік мекеме шығыстарының бюджеттік сыныптамасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған кодына ұлттық валютадағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайта айырбасталуға тиіс.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қайта айырбастау шотына қайта айырбасталған ұлттық валютадағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шотқа қайта айырбасталған шетел валютасындағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Ұлттық немесе шетел валютасындағы пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған ақша көрсетілген мерзім өткен соң ақшасы ұлттық немесе шетел валютасына қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы шетел валютасында кейіннен қалпына келтіре отырып айырбасталуға тиіс.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің анықтығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына валюта түрлері бойынша есепке алынған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс.
Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткен соң квазимемлекеттік сектор субъектісінің шетел валютасы айырбасталған шотына кейіннен ұлттық валютадағы соманы қалпына келтіре отырып қайта айырбасталуға тиіс.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайта айырбасталуын және қайтарылуын қамтамасыз етеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімде:
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген;