(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

 

 

25-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп

 

127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жүргізілген бюджеттік мониторинг және мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер және есепті қаржы жылының нәтижелерін бағалау негізінде түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептен тұрады.

Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есепте бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспары мақсаттарының іске асырылуы мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады.

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат нәтижелер көрсеткіштері көрсетілген бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.

Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жасалады;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) түсіндірме жазбадан;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал туралы және салық-бюджет саясатының республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ағымдағы жылғы 15 мамырдан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне талқылау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ұсынады.

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебін өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында - алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылаған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті:

Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған қосымша баяндамаларын тыңдайды.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер жөніндегі баяндамаларын тыңдайды.

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.

 

129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жүргізілген бюджеттік мониторинг, нәтижелерді бағалау, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп негізінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) түсіндірме жазбадан;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті облыстық мәслихаттың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешімі тармақтарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.

2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.

2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:

1) ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;

2) ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.

 

130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

1) әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және өңірдің салық-бюджет саясатының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамасын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын;

5) мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын тыңдайды.

3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 131-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

131-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есептен;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен нәтижелерді бағалау, облысты дамыту жоспарының іске асырылуы туралы есеп негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

Түсіндірме жазба экономикалық ахуал туралы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық бюджет (облыстық маңызы бар қала бюджеті) туралы шешімі тармақтарының атқарылуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жыл сайын:

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;

2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 131-1-баппен толықтырылды

131-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жергілікті қоғамдастықтың жиналысына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қосымшаларға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен оның нәтижелерін бағалау негізінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

Түсіндірме жазбада экономикалық ахуал туралы және аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері туралы шешімі тармақтарының атқарылуы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.

3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.

4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге:

1) ағымдағы жылдың 10 наурызынан кешіктірмей облыстың тексеру комиссиясына;

2) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 132-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

132-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін облыстың тексеру комиссиясының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

1) әкімнің не оны алмастыратын адамның аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

2) облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстың даму жоспарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын;

5) мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын;

6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын тыңдайды.

3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

 

 

26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен

пайдаланылуы туралы жылдық есеп

 

133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.

Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса алғанда, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.

 

134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)