Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған қарыз туралы келісім шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыру, егер қарыз шартының талаптарына сәйкес мердігермен азаматтық-құқықтық шартта құнын ұлғайтуды қаржыландыру жөнінде өзгеше талаптар белгіленген болса, азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей-ақ мүмкін болады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекітілетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық шарттың талаптарына сәйкес жол учаскелерінің сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыруға Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз жол берілмейді.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.
Іске асырылуына бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органнан - республикалық бюджеттен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан жергілікті бюджеттен қаржыландырудың растауы жоқ бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге де жол берілмейді.
7. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүргiзедi.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 158-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 158-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру
1. Концессиялық жобалар «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессия шартының негізінде іске асырылады.
2. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде тиісті саланың орталық уәкілетті органы жүзеге асырады.
3. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 158-1-баппен толықтырылды
158-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде іске асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін шарттық қатынастарды орындау кезеңінде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
159-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар белгіленген тәртіппен бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемелерге сәйкес іске асырылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес, тәуелді және өзімен үлестес ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) төлеуге ақша аударуы республикалық бюжет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын инвестициялардың мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бөлім жаңа редакцияда
9-бөлім. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
32-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
160-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi болып бөлiнедi.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бiрiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер толық төленген кезде орындалды деп есептеледі.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін қоса қаржыландыруды, мемлекеттің тұтыну кепілдігін, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын және оның қолжетімділігі үшін төлемақыны беру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтедi.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 161-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда өзі айқындаған тәртіппен тіркелуге жатады.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркелуге жатады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ ерекше маңызы бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе әрбір жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша мәслихаттың шешіміне сәйкес, тек шартта белгіленген сомалар және мерзімдер шегінде ғана тіркелуге жатады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттарын тіркеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
3. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
162-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы және орындауы
1. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісінше әрбір жекелеген ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде ерекше маңызы бар концессиялық жоба бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде, өзге де мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері
163-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы
1. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауы тиісінше әрбір жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
164-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауын шектеу
1. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң белгiленген лимитiмен шектеледi.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимитін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жылжымалы негізде үш жылдық кезеңге белгілейді.
165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауы
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
34-тарау. Байланыссыз және байланысты гранттар туралы жалпы ережелер
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 166-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
166-бап. Байланыссыз гранттар
Байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингілеу және пайдаланылуын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау
1. Орталық мемлекеттік органдардың донорлардың өтеусіз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстарына негізделген байланысты гранттар тартуға өтінімдер қалыптастыру, ұсыным жасау және іріктеу жөніндегі қызметі байланысты гранттарды жоспарлау болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.
3. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарына сәйкестігі;
2) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестігі негізінде жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.
168-бап. Байланысты гранттарды тарту
1. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган донорларға байланысты гранттар беруге арналған өтінімдер жібереді.
2. Байланысты гранттар беруге арналған өтінімдерді толтыруды донорлар белгілеген нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы негізінде тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіп алмай донорларға өтініш жасауға тыйым салынады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Байланысты грантты тартуға өтінімді донор мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесін қалыптастырады және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, сондай-ақ оны жергілікті атқарушы органдарға тиісті бюджет комиссияларының қарауына өтінімдер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жібереді.
Тиісті бюджет комиссияларының өтінімдерді мақұлдау қорытындылары бойынша байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітіледі.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті бюджет комиссияларының шешімдері негізінде бір жыл ішінде байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.
4. Байланысты грант туралы келісім республикалық немесе жергілікті бюджеттер бекітілгеннен кейін жасалады.
35-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану
169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар-гранттарды алушылар байланысты гранттарды пайдалануды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар:
1) байланысты грант туралы келісімде көзделген өздеріне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауға;
2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
3) байланысты гранттардың есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) гранттардың есебінен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік декларациялауды уақтылы жүзеге асыруға;
5) ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттар бойынша - сонымен қатар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша байланысты грантты тарту жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.