«Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 465/НҚ бұйрығы

 «Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 465/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13340 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібінде:

2-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) байланыс операторы - байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;»;

9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі - үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып бір желіден басқа желіге қосуға арналған телекоммуникация құралдары;»;

11-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге уәкілетті орган берген рұқсаттың электрондық нысаны (қызметі лицензиялауға жататын байланыс операторлары үшін);»;

11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге рұқсаттың электрондық нысаны (қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторлары үшін).»;

18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.