Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығы
(2025.13.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.16.09. № 402 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 36-бабының 3-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 170) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;